Қызылордада пластик қалдықтарын қайта өңдейтін цех өртенді

Автор: Алмас Ерсін

Өрт сөндірушілер ғимаратты өрттен аман алып қалды

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Қызылорда қаласының өрт сөндірушілері жоғары дәрежелі шақырту бойынша Сұлтан Бейбарыс көшесіндегі пластик қалдықтарын қайта өңдеу цехына аттанды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өтініш берушінің айтуынша, цехта өрт шыққан. Өрт сөндірушілер жалынның таралуына жол бермей, оны бірнеше минут ішінде оқшаулады.

«Өрт толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ», - дейді Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары басқармасының бастығы Әбділда Баякеев.