Ұлттық статистика бюросы 2025 жылғы 1 маусымдағы есеп бойынша халық санын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазақстан халқының саны 20 370 672 адамға жетті. Жыл басынан бергі өсім – 87,2 мың адам, оның ішінде:
- табиғи өсім есебінен – 80 мың адамға,
- көші-қон есебінен – 7,2 мың адамға өскен.
Қазақстанның жеті өңірінде халық саны 1 млн адамнан асады:
- Алматы қаласында – 2 314 929 адам;
- Түркістан облысында – 2 150 992 адам;
- Алматы облысында – 1 575 657 адам;
- Астана қаласында – 1 566 566 адам;
- Шымкент қаласында - 1 274 296 адам;
- Жамбыл облысында – 1 220 481 адам;
- Қарағанды облысында – 1 133 068 адам.