Оқиға орнына жедел жәрдем мен полиция қызметі тартылды
Ақтау қаласының шетінде 27 маусым күні кешкісін жол апатына алты көлік қатысқан ірі жол-көлік оқиғасы тіркелді. Оқиға орнында жолаушылар автобусы мен Ravon жеңіл көлігі де болған. деп хабарлайды Azattyq Rýhy Lada.kz сайтына сілтеме жасап.
Куәгерлердің айтуынша, апатқа Toyota Sienna көлігінің жүргізушісі себеп болуы мүмкін. Ол полициядан қашпақ болып, көліктерге соқтығысқан. Ресми ақпаратта бұл дерек расталмағанымен, бір адамның қаза тапқаны жөнінде де бейресми хабарлар тарады.
Апат салдарынан жарақат алған алты адам Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасының қабылдау бөліміне жеткізілді. Дәрігерлер мәліметінше:
«1995 жылы туған пациенттің бас сүйегі, төменгі жақ сүйегі, жамбас, асықты жілік және оң аяғының бірнеше сүйегі сынған. 1975 жылы туған екінші пациенттің кеуде қуысы жарақаттанып, бірнеше қабырғасы мен иық сүйегі сынған», – деп хабарлады аурухана өкілдері.
Екі пациенттің жағдайы ауыр, олар дәрігерлердің тұрақты бақылауында.
Жол апатының нақты себептері анықталып жатыр. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде, құқық қорғау органдары жол апатына кінәлі тұлғаны анықтау үстінде.