Маралсайда алты күн бұрын анасымен бірге суға ағып кеткен баланың денесі табылды (ВИДЕО)

Автор: Бақыт Шынар

Өзеннің ағысы қатты болған

Фото: скриншот

Бұған дейін хабарлағынымыздай, он жасар бала мен анасы Талғар ауданындағы өзенге құлап кеткен еді. Құтқарушылар анасының денесін бірден судан алып шықса, баланың денесін қатты ағыс алысқа алып кеткен, деп жазады Azattyq Rýhy.

Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті бүгін түнде баланың да мәйітін тапты.

«2025 жылы 21 маусымда Алматы облысы Талғар ауданындағы «Маралсай» курорттық демалыс аймағында қайғылы оқиға орын алды — кәмелетке толмаған бала ағысы қатты өзенге құлап кеткен еді. Алматы облысы ТЖД-ның Жедел-құтқару жасағы мен Республикалық жедел-құтқару жасағы баланың мәйітін тауып, судан шығарды», - деп хабарлайды ТЖД баспасөз қызметі.

Айта кетейік, баланың денесін табу үшін 110 құтқарушы мен 20 техника тартылған. Оқиға осыдан үш күн бұрын, 21 маусымда түскі сағат 16.00 шамасында болған.

Ресми мәліметке сүйенсек, баласы мен анасы өзен жағасында келе жатқанда абайсызда суға құлап кеткен. Әуел баста бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желідегі дереккөздер әйел баласын құтқарамын деп суға секіргенін, артынша екеуін де қатты ағыз алып кеткенін жазған еді.