Оқиға №2 бағыттағы қоғамдық көлікте болды
Оқиға №2 бағыттағы автобуста орын алған. Іс материалдарына сәйкес, И. есімді азамат жүргізушімен жанжал кезінде бейәдеп сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзып, жолаушылардың мазасын қашырған.
Сотта ол кінәсін ішінара мойындап, тек тәртіп бұзғанын ғана растады, алайда бұзақылық әрекетін жоққа шығарды.
Алайда, сот оның бір жыл ішінде бұл әрекетті екінші рет қайталап отырғанын ескерді. Бұған дейін, 2025 жылғы 10 маусымда, ол дәл осындай тәртіпсіздік үшін ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылған.
Сот И. есімді азаматтың әрекетін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы 2-бөлігіне («Бір жыл ішінде қайталап жасалған ұсақ бұзақылық») сәйкес саралап, оған 20 тәулікке әкімшілік қамауға алу түріндегі жаза тағайындады.
Жаза тағайындау кезінде:
құқықбұзушылықтың қоғамдық қауіптілігі,
әрекеттің сипаты,
бұған дейін де қайталанғаны ескерілді.
Сот қаулысы әлі заңды күшіне енген жоқ.