Канада тұрғындарының ұшақтан түскен сәтіндегі видео қоғамды таң қалдырды (ВИДЕО)

Автор: Темірхан Айжан

Желіге жүктелген видео тез жылдамдықпен тараған

Фото: скрин

Әлеуметтік желіде жолаушылардың Канададағы ұшақтан кезекпен түсіп жатқан видеосы тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Видеоның автор Оразбек Әбішев «канадалық әуе компаниясының ұшағынан жолаушылар түсіп жатыр» деп жазба қалдырған. Кадрлардан тоқтап тұрған ұшақты байқауға болады. Жолаушылардың бәрі дерлік өз орындарында отыр. Есікке жақын адамдар бір-бірін өткізіп, кезекпен түсіп жатыр. Қол жүктерін асықпай алып, аптықпай қозғалған жолаушылар мәдениеттің жоғары деңгейін көрсеткен. Көпшілік орында тәртіпті сақтаған жолаушыларға көз сүйсінеді.

Желі қолданушысының бірі «супер, бізде ұшақтың табаны жерге тиместен адамдар тұрып, күтіп тұрады. Айырмашылық жер мен көктей» деп жазған.