Соңғы 5 айда 207 адам зардап шеккен
Бішкекте электр самокаттарды пайдалануға толықтай тыйым салуды талап еткен петиция жарық көрді. Оған 3708 адам қойған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
24 kg жазуынша, петиция ұйымдастырушы азамат өз анасының басынан өткен қиын жағдайды жазған. Айтуынша, әйелді қатты жылдамдықпен жүрген электр самокатшы қағып кеткен. Салдарынан оның бұғанасы сынып, миы шайқалған.
Петицияны ұйымдастырушы қала әкімдігіне, қалалық кеңестің депутаттарына, ІІМ-ге, Жол қауіпсіздігі басқармасына және Ұлттық қауіпсіздік комитетіне ресми түрде электр самокаттарды жалға беруді тыйым салуды сұрап, өтініш білдірді. Онда мынадай талаптар қойылған:
Маусым айының басында «Бірінші радио» эфирінде соңғы бес айда қалада самокат пен скутер жүргізгендер 186 рет жол-көлік оқиғасын жасаған. Одан 6 адам қаза тауып, 207 адам жарақат алған.