Өрт «Ескі базар» ауданында болды
Қызылорда қаласындағы №5547 әскери бөлімінің әскери қызметшілері «Ескі базар» ауданындағы көпқабатты үйде шыққан өрт кезінде бірінші болып көмекке келді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға 20 маусым күні кешкісін болған. Ұлттық ұланның әскери жасағы қаланы патрульдеу кезінде Полицияның жедел басқару орталығынан түскен шұғыл хабарлама арқылы тұрғын үйдің өртеніп жатқаны туралы білген.
«Барлық жерді түтін басып кетті. Тыныс алу мүмкін болмады. Біз беторамалдарды сулап, бетімізді жауып, адамдарды сыртқа шығара бастадық. Бір ер адам бесінші қабаттағы пәтерінде әйелі мен кішкентай қызы қалғанын айтты. Ол пәтердің есігін сыртынан жауып кеткен екен. Кілтті алып, ішке кіріп, оларды да эвакуацияладық», – дейді лейтенант Ернұр Әбілхан.