Дауылдан зардап шеккен жеке үйлердің тұрғындарына 393 200 теңге мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек беріледі
Павлодар облысында дауылға байланысты үш қалада және бірқатар ауданда төтенше жағдай режимі жарияланады. Мұндай шешім облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия отырысында қабылданды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Өңір әкімдігінің мәліметінше жергілікті атқарушы органдар бірқатар елді мекенде дауыл желдің салдарынан келтірілген залалды бағалау жұмыстарын жүргізіп жатыр.
«Комиссиялар залал келтірілген орындарға барды. 20-30 маусым аралығында апаттың салдарын жою бойынша өтініш қабылданады», - деп жазылған хабарламада.
Павлодарда өтінімдер мына телефон нөмірлері арқылы қабылданады:
Дауылдан зардап шеккен жеке үйлердің тұрғындары — азаматтардың жекелеген санаттары үшін 100 АЕК (393 200 теңге) мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек көзделген.
Төлемді алу үшін төмендегі құжаттарды ұсыну қажет:
Құжаттарды тапсырып, қажетті кеңестерді келесі мекен-жайлар бойынша алуға болады:
Еске сала кетейік, 19 маусым күні Павлодар облысында жылдамдығы секундына 43 метрге дейін жететін дауылды жел соқты. Дауылды жел инфрақұрылымға айтарлықтай зиян келтіріп, электр қуатының өшуіне әкелді.
Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметі бойынша 16 адам зардап шеккен. Ақсуда 1968 жылы туған тұрғын қайтыс болды.