Ол 30 000 келі жұмыртқаны ешбір құжатсыз әкеле жатқан
Қазақстанның Ресей Федерациясымен шекарадағы «Сырым» ветеринариялық бақылау-өткізу бекетінде Самара қаласынан Атырау облысына бағыт алған көліктен ветеринариялық анықтамасы жоқ 30 тонна (30 000 кг) жұмыртқа табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті екі көлікті тоқтатып, тексерген. Көліктер ветеринариялық-санитариялық заңнаманың талаптарын бұза отыра ешбір анықтамасыз 30 тонна жұмыртқаны Атырауға әкелмек болған.
Арнайы қызмет көліктерді Қазақстан аумағынан шығарып, Ресейге қайтарып жіберген.
Дереккөзге сүйенсек, 2025 жылдың басынан бері Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің шекарасынан Қазақстанға қарай рұқсаты жоқ тамақтарды тасыған 377 көлік кіріп кетпек болған екен.