Оның таралмауына жауапты министрлік мәлімдеме жасады
Күні кеше белгілі болғандай, Қазақстанда 16 иллионннан астам адамның жеке мәліметтері желіге тарап кеткен. Бүгін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Тура осындай атаумен тараған құжат туралы Telegram-дағы SecuriXy.kz каналы жазды. Киберқауіпсіздік туралы көп жазатын арнаның мамандары құжатты талдап берген. CSV форматындағы кестеге 16 302 107 адамға қатысты бүкіл мәлімет таралған екен. Соның ішінде:
Жеке деректердің таралуы туралы ақпаратқа қатысты ресми мәлімдеме таратқан Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі қазір осы оқиғаға қатысты тексеру басталды дейді.
«Ақпараттық қауіпсіздік комитеті құқық қорғау және арнайы органдармен бірлесіп, ұсынылған мәліметтердің шын-өтірігін және өзектілігін анықтау мақсатында кешенді тексеру жүргізіп жатыр. Алғашқы талдау бұл деректердің мемлекеттік емес, яғни жекеменшік ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін екенін көрсетіп отыр», - деп мәлімдеді министрлік.
Солай бола тұра министрлік мемлекеттік ақпараттық жүйелерге хакерлік шабуыл жасалған жоқ, деректер таралған жоқ деп отыр.