Ол жалпы сомасы 3,5 млн теңге болатын өнімді сатпақ болған
Биыл сәуірде Абай облысындағы әділет департаменті танымал «Мама знает» брендінің атын жамылып, сапасыз жөргек шығарған кәсіпкерді анықтап, шара қолданды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Жеке кәсіпкер жалпы сомасы 3,5 млн болатын 782 қаптама өнімді сатпақ болған. Әділет органдары қайда және қалай жасалғаны белгісіз жөргектердің бәрін тәркіледі.
Сот жеке кәсіпкерді өзге бренд атынған заңсыз өнім шығарғаны үшін кінәлі деп тауып, оған 117 мың теңге көлемінде айыппұл салған.