Павлодар – Астана жолында үш көлік соқтығысып, бес адам жарақат алды

Автор: Дәулет Ботагөз

Бес адам ауруханаға түсті

Фото: видеодан скриншот

Павлодар мен Астана арасындағы тас жолда ірі жол-көлік оқиғасы тіркелді. 13 маусым күні кешкі сағат 17:00 шамасында 118-шақырымда үш көлік соқтығысып, салдарынан бес адам түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. деп хабарлайды Azattyq Rýhy Павлодар облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Instagram-да оқиға орнынан видео тарады

Оқиға орнының видеосы tipavlo.dar Instagram-парақшасында жарияланды. Видеодан үш көліктің қатты зақымданғанын және жол бойында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатқанын көруге болады.

«13 маусым күні шамамен сағат 17:00-де Павлодар – Астана автожолының 118-шақырымында үш автокөлік соқтығысты. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталуда. Полиция қызметкерлері тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр»,– делінген ресми хабарламада.

Тергеу жұмыстары жүргізілуде

  • Апатқа үш көлік қатысқан
  • Бес адам түрлі жарақат алған
  • Жарақат алғандар емдеу мекемесіне жеткізілді
  • Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеуде.