Ақмола облысында әйелді пойыз басып кетті

Автор: Алмас Ерсін

Алдын ала болжам бойынша марқұм суицид жасаған

Фото: © istockphoto.com

Ақмола облысындағы Анар стансасында қайғылы оқиға болды. Бұл туралы "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиға 2025 жылдың 10 маусымында сағат 03:02-де болған.

«Анар станциясында жүк пойызының машинисі адамның кенеттен жолға шығуына байланысты шұғыл тежеуді қолданды. Қабылданған шараларға қарамастан, қысқа қашықтыққа байланысты трагедияның алдын алу мүмкін болмады», - деп жазылған хабарламада.

Әйелдің жеке басы анықталды. Алдын ала болжам бойынша суицид жасаған. Ақпарат құқық қорғау органдарына берілді.

ҚТЖ теміржол инфрақұрылымы объектілерінің жанында қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажеттігін еске салды.