Түркістан облысында колледжде оқитын қыз баланы өлтіріп кеткен: күдікті ұсталды

Автор: Нұргүл Абай

Марқұм бірінші курсты бітірген

Фото: istockphoto.com

Түркістан облысының Төрткүл ауылында колледж студентінің денесі табылды. Күдікті қамауға алынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақпаратты Түркістан облысының полиция департаменті растады.

«6 маусым күні сағат 07:05-те Түркістан облысы Ордабасы ауданы Төрткүл ауылында қыз баланың мәйіті табылды. Ол - колледждің бірінші курс студенті. Күдікті ізін суытпай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық іс қозғалды», - деп мәлімдеді ПД баспасөз қызметі.

Қазір оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу жүріп жатыр.

Қылмыстық істі тергеу барысын полиция басшылығы қатаң бақылауына алған.