Қайғылы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды
Атырау облысы Құлсары қаласында 7 жасар қыздың мәйіті табылып, оның өліміне күдікті ретінде 36 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Атырау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 2018 жылы туған қыз 5 маусым күні күндізгі сағат 12:00 шамасында үйінен шығып, қайтып оралмаған.
Оның ата-анасы сол күні кешкі 21:28-де полицияға баласының жоғалғаны жөнінде хабарлаған.
Түнгі іздестіру жұмыстары кезінде бүлдіршіннің денесі канал бойынан табылды.
Қылмысқа күдікті 36 жастағы Құлсары қаласының тұрғыны ұсталып, сот санкциясымен уақытша ұстау изоляторына қамалды.
«Қазір тергеу жүріп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталады. Бұл іс – ерекше бақылауда», – делінген полиция мәлімдемесінде.
Бұл оқиға Қазақстандағы балалар қауіпсіздігіне қатысты қоғамда үлкен алаңдаушылық тудырды. Соңғы жылдары баланың жоғалуы немесе оларға қатысты зорлық-зомбылық туралы жағдайлар жиілей түскен.