Жол апатына кінәлі азаматтың жүргізуші куәлігі болмаған
9 маусым күні сағат 12:15-те Ақтөбе-Астрахань автожолында Бестамақ елдімекенінен 3 км жерде жол апаты болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Toyota Ipsum автокөлігінің 24 жастағы жүргізушісі қарама-қарсы бағыттағы жолға шығып кетіп, 46 жастағы азамат жүргізіп келе жатқан Лада-Ларгус көлігіне соғылған. Лада көлігінің жүргізушісі мен бес жолаушысы қаза тапты», - деп жазылған хабарламада.
Toyota Ipsum көлігін тізгіндеген азаматтың 2019 жылы жүргізуші куәлігінен үш жылға айырылғаны белгілі болды. Ол қазір уақытша ұстау изоляторына қамалды.