Елімізде COVID-19 инфекциясынан қайтыс болғандар саны 61 адамға жетті
Қазақстанда коронавирус індетінен тағы 3 науқас көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.
«Түркістан облысында коронавирустан 1962 және 1948 жылы дүниеге келген ер адамдар, Павлодар облысында 1962 жылы туған ер адам қайтыс болды. Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирустық инфекциядан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады», - деп жазылған хабарламада.
Қазақстан бойынша коронавирустан барлығы 61 адам қайтыс болды.