Атырау облысында енесін өлтірді деген күдікпен келіні ұсталды
Істің мән-жайы анықталып жатыр

Қызылқоға ауданы Жасқайрат ауылында 81 жастағы енесін өлтірді деген күдікпен әйел адам ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Полицияның мәлімдеуінше, күдікті - 38 жастағы келіншек. Оның бұл қылмысқа не үшін барғаны әлі де белгісіз.
«Жасқайрат ауылының тұрғынының қайтыс болуына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу 1942 жылы туған әйелдің өлімі бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында жүргізілуде. Күдікті – 1986 жылы туған азаматша. Қазіргі уақытта кешенді тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді», - деп мәлімдеді полицияда.
Еске салсақ, таяуда Жамбыл облысының соты өз анасын пышақтап өлтірген ер адамға үкім шығарған. 2024 жылдың қыркүйек айында болған. Ішімдікке мас болған ер адам анасымен жанжал үстінде асхана пышағын кеудесіне сұғып алған. Ол Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі «Адам өлтіру» бойынша кінәлі деп танылып, 13 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.