Франция Астанадағы емханаларға омырау ісігін ерте анықтайтын аппарат сыйлады

Автор: Бақыт Шынар

Ол аппараттар қаладағы үш ауруханаға қойылады 

Фото: Францияның Сыртқы істер министрлігі, Эмилии Беккер

Қазақстан мен Франция арасындағы телемедицинаны пайдалану арқылы сүт безі обырының скринингіне арналған аппараттар сыйлады. Франция елшілігінің денсаулық сақтау саласындағы мамандарының айтуынша, аппараттар үш мекемеге қойылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

Франция елшілігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл аппараттар Астанада сүт безі обырын ерте анықтайтын FASEP пилоттық жоба. Жоба Францияның C3Medical компаниясымен бірлесе отырып Республикалық медициналық-санитариялық алғашқы көмек орталығының базасында жүзеге асып отыр.

«3D-томосинтез функциясы бар цифрлық маммограф — бұл жоғары дәлдікпен ісіктерді, әсіресе тін тығыздығы жоғары әйелдерде, ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік беретін заманауи визуализациялау жүйесі», - деп хабарлайды ешліліктің баспасөз қызметі.

Аппараттар қандай ауруханаларға қойылады

Жабдықтар мына үш медициналық мекемеде қойылды:

  • Республикалық медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету орталығында (РМСАКО)
  • Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында
  • Астана қаласындағы №7 қалалық емхана.

«Бұл бастама Франция Үкіметі жанындағы дамушы елдерді қолдауға арналған Француз әлеуметтік көмек қорының қолдауымен жүзеге асырылып жатқан «Қазақстанда сүт безі обырын скринингтеуге арналған диагностикалық визуализациялау шешімдері» бағдарламасының шеңберінде іске асырылып отыр», - деп хабарлайды елшілік.

Аппарат жас қыз-келіншектердегі сүт обырын ерте анықтауға мүмкіндік береді

Франция елшілігінің денсаулық сақтау саласындағы мамандарының айтуынша, аппараттар қатерлі ісікті дәл анықтайтын биопсия алуға да мүмкіндік береді.

«Аппараттар сондай-ақ биопсия ала алады. Мүмкіндігі шектеулі әйел жүріп-тұра алмаса аппараттар соларға бейімделе алады. Сондай-ақ бүгінгі шара барысында біз тағы да УЗИ-аппарат сыйладық. Өйткені, жас әйелдерден сүрт безінің обырын анықтау үшін анализ тапсырып, бір апта оның жауабын күтіп күйзелмейтіндей, сол жерде жауабын біле алады», - дейді ол.

Қазақстанның Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова бұл аппараттар диагностиканың сапасын әлдеқайда жақсартады деген сенімде. 

«Біз бұл аппараттың диагностиканың сапасын арттырып, жалған оң нәтижелердің санын азайтуға, анықталған жаңа ісіктермен тіркелген пациенттерді тиімді бақылауды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретініне сенімдіміз. Бүгін біз еліміздегі әйелдер денсаулығын жақсарту жолында маңызды қадам жасап отырмыз», — деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова.