Ол ауыр жүгі бар көліктерге қатысты талапқа наразы болған
Астана азаматы «Whatsapp» топтарға жаппай тәртіпсіздікке шақыру туралы хат жібергені үшін 2,6 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Астана қаласының прокуратурасы хабарлап отырғандай, ол жүк көлігінің артық салмағына қатысты заң талабымен келіспеген.
Прокуратураның мәліметіне сүйенсек, ол «Whatsapp» тобына билікке бағынбау, қару қолдану туралы ақпарат жазған.
«Ол билік өкілдеріне мүлде бағынбауға және қару қолдану арқылы жаппай тәртiпсiздiкке қатысуға шақырған», - деп хабарлайды прокуратура.
«Сот жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын ескере отырып, оған пробациялық бақылау белгілеп, 2 жыл 6 айға бас бостандығын шектеді», - деп хабарлайды прокуратура.
Қазақстанда билік өкiлдерiнiң заңды талаптарына белсенді бағынбай, жаппай тәртiпсiздiкке шақырған, не жаппай тәртіпсіздікке арандатқан адам 7 жылға сотталуы мүмкін.
Естеріңізге сала кетейік, «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы жаз мезгілінде республикалық маңызы бар автожолдарда ауыр жүк көліктерінің қозғалысына уақытша шектеулер енгізеді.
Бұл шаралар күннің ыстығында жол жамылғысын сақтауға және қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз етуге бағытталған.
Шектеу мерзімі:
Шектеулер +25°C жоғары ауа температурасы кезінде, күндізгі уақытта енгізіледі.
1 маусымнан 31 тамызға дейін сағат 10:00-22:00 аралығында келесі аймақтарда қозғалысқа шектеу қойылады:
1 маусымнан 15 тамызға дейін сағат 11:00-21:00 аралығында келесі аймақтарда қозғалысқа шектеу қойылады:
Компания мәліметінше, шектеулер жол жамылғысын қорғау мақсатында енгізіледі.
Жоғары температурада асфальт жамылғысы жұмсарып, ауыр жүктемеге төтеп бере алмайды. Бұл жол жабынының бұзылуына, ойықтар мен ақаулардың пайда болуына алып келеді.
Жазғы шектеулерді сақтау: