Ұшақ Екатеринбург – Сочи бағытында ұшып бара жатқан
Nordwind Airlines әуе компаниясының Boeing-777 ұшағында жолаушы әйел көз жұмды. Екатеринбург-Сочи бағытында ұшып бара жатқан ұшақ жолаушының жағдайы нашарлаған соң шұғыл түрде Ақтөбе әуежайына қонған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл ақпаратты Ақтөбе әуежайының баспасөз қызметі растады.
«Бүгін шамамен 12:40-та Екатеринбург – Сочи бағытында ұшып бара жатқан Nordwind Airlines әуекомпаниясының ұшағы Ақтөбе әуежайына қонды. Өйткені, ішіндегі бір жолаушының жағдайы нашарлаған. Өкінішке қарай, 1983 жылы туған әйел ұшақ Ақтөбеге қонбай тұрып әуеде көз жұмды», - деп хабарлады Ақтөбе әуежайы.
Қазір осы мәселеге қатысты құзырлы органдар тиісті процедураны бастаған.