Алматыда бір-бірімен жауласқан екі қылмыстық топ мүшелері ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Олардан аса ірі көлемде қару-жарақ пен оқ-дәрі тәркіленген

Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Ішкі істер министрлігі қызметкерлері бірлесіп, Алматы мен Алматы облысында ұйымдасқан екі қылмыстық топтың мүшелерін ұстады, деп хабарлайды ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.

Комитет өкілдерінің айтуынша, екі топ бір-бірімен бұған дейін жауласқан. Оларды тінту кезінде 11 дана қару-жарақ пен 200-ден астам оқ-дәрі тәркіленіп алынды.

«Ұсталғандар сотқа дейінгі тергеп-тексеру процесінде кінәсін мойындап, тергеумен ынтымақтасуға әзірліктерін білдірді. Одан басқа, екі күдікті бұрын жасырылған атыс қаруы мен оқ-дәрілерді ерікті түрде беру туралы өтініш білдірді», - делінген ҰҚК таратқан хабарламада.

Нәтижесінде, 2020 жылғы 1 маусымда Алматы облысының Талдықорған қаласы мен Ескелді ауданында патрондары бар «Калашников» автоматы, «Сайга-410» қылмыстық кесінді карабині және келте аңшы мылтығы табылып, тәркіленіп алынды.