Павлодарда 7 млн теңге алимент төлемеген әке ашық сотталды

Автор: Бақыт Шынар

Сот оны жарты жылға бас бостандығынан айырды

Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

Павлодар облысының соты 7 млн теңге алимент төлемеген әкенің ісін ашық сотта қарады, деп хабарлайды 

Баласына 7 млн теңге алимент төлемеген әкеге қатысты Қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

«Сот отырысы ашық өтті. Прокуратура процесске алиментті қасақана төлемеген бірқатар тұлғаларды әдейі шақырған. Сот жеті млн теңге алимент төлемеген адамды 6 ай бас бостандығынан айырды», - деп хабарлайды Павлодар облысының прокуратурасы.

Қазақстанда 15 мың адам балаларына 19 млрд теңге алимент қарыз

Айта кетейік, қазір Қазақстанда 15 мыңдай адам балаларына 19 млрд теңге көлемінде алимент төлеуі керек. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде Әділет министрлігі Міндетті атқару комитетінің төрағасы Мақсат Балабеков мәлім етті.

Оның айтуынша, 2025 жылы алимент бойынша 1,6 млрд теңгеден астам өндірілген.

«Ал, проблемалық алименттер саны 15 мыңды құрайды, олар бойынша берешектің мөлшері шамамен 19 млрд теңге. Бұл құжаттар бойынша борышкерлер алимент төлемей отыр», - дейді ол.