$ 544.87  639.02  6.88
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Дер кезінде дәрігерге жеткізгенде, аман қалар еді - сарапшы Шерзаттың өлімі туралы

Шерзат Полат жарақат алған соң жүгірген, сондықтан, қан көп кеткен

Дер кезінде дәрігерге жеткізгенде, аман қалар еді - сарапшы Шерзаттың өлімі туралы
Фото: скрин

Шерзат Полаттың өліміне қатысты өтіп жатқан сот отырысында сот-медициналық сарапшы Мұхит Оразбекұлы жәбірленуші тараптың адвокаттарының сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Адвокаттар «марқұмды дереу ауруханаға апарғанда, оның өмірін сақтап қалу мүмкін бе еді?» деп сұрады.

«Пышақ өкпеге кіріп, ішкі қан кету басталған жағдайда, қан атқылайды, - деді сарапшы.

Сарапшының айтуынша, егер жарақат алғаннан кейін шұғыл медициналық көмек көрсетіліп, қан дер кезінде тоқтатылса, баланы аман алып қалуға мүмкіндік болған.

Сондай-ақ адвокаттың: «Жарақат алғаннан кейін марқұмның жүруі, жүгіруі, қанның тез кетуіне әсер етуі мүмкін бе?» деген сұрағына, сарапшы «қан кетуді үдетеді» деп жауап берді.

Сот сарапшы Шерзаттың басынан соққы алғаны қан жоғалтуға тікелей әсер етпегенімен, жалпы жағдайды ауырлатып, ауырсынуды күшейтетінін айтты.

Еске салайық, қазір тікелей эфирде 16 жастағы Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот процесі өтіп жатыр.

Серіктес жаңалықтары