$ 519.55  596.03  6.63
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Бишімбаевтың ісіндегі сот сарапшысы Шерзат Полаттың сотында да бой көрсете ме

Жәбірленушілердің адвокаты сарапшының тегін ғана жария етті

Бишімбаевтың ісіндегі сот сарапшысы Шерзат Полаттың сотында да бой көрсете ме
Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

Бүгін Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот отырысында жәбірленушілердің адвокаты Мейірман Шекеев сотқа өтінішхат түсірді. Оның айтуынша, бүгін сотқа сот сарапшысы Халимназаров келіп отыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Айта кетейік, сотта мемлекеттік айыптаушылар сотталушылардың кінәсін дәлелдеу үшін сараптама жасаған мемлекеттік сарапшыны шақырды. Осыдан кейін адвокат Мейірман Шекеев сотқа өзінің өтінішін түсірді.

«Жәбірленушілердің сол кездегі адвокаттары да өтінішхат түсіріп, сарапшы Халимназаров қосымша сараптама жасаған. Сол кісінің де келуін қамтамасыз еттік. Мемлекеттік сарапшыдан кейін ол кісіден де жауап алсақ», - деді адвокат.

Сот оның өтінішхатын қанағаттандырды.

Халимназаров Бишімбаев ісінен кейін қалай көпке танылды

Айта кетейік, былтыр 9 сәуір күні  Бишімбаев ісі бойынша куәгер болған сот сарапшысы Тахир Халимназаров марқұм Салтанат Нүкенованың жарақаттарын кәсіби тұрғыда талдап, оның өлімі неден болғанын айтып берген еді. Ол мемлекеттік айыптаушылардың, зардап шеккен тараптың, Қуандық Бишімбаевтың адвокаттары қойған сұрақтарға мүдірмей жауап беріп, әр жауабын фактімен дәлелдеп отырды.

Ол сотқа манекен кіргізіп, сол арқылы марқұмның басындағы жарақаттардың көп болғанын және Бишімбаев айтқандай, жерге немесе қатты заттың үстіне құлағанда адам мұндай жарақат алмайтынын айтып, дәлелдеген.

Сотты тікелей эфирден көріп отырған қазақстандықтар Тахир Халимназаровтың кәсіби біліктілігіне қайран қалып, оған алғыс жаудырған.

«Құрметті оқырмандар! Мені қолдап, жылы сөз жазып жатқандарыңызға рақмет! Мен туралы және менің кәсіби біліктілігіме қатысты айтып жатқан пікірлеріңіз мен үшін маңызды. Кешегі күн сүйікті ісіме арнаған 33 жылға татыды!», - деп жазды ол.

Небары 10 сағат бұрын алғашқы жазбасын жариялаған сот сарапшысының қазір 3 мыңнан астам оқырманы бар.

Серіктес жаңалықтары