Мемлекетке 11,8 млрд теңге зиян келген
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, соңғы үш жылда 88 қылмыстық іс тергеліп, 1 800-ден астам көлік заңсыз тіркелгені анықталған. Бұл әрекеттердің салдарынан мемлекетке 11,8 млрд теңге көлемінде залал келген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Тергеу барысында 70 күдікті анықталды. Олардың қатарында әкімшілік полицияның басшылары мен қызметкерлері, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының өкілдері және бірқатар нотариустар бар.
Мемлекетке қайтарылған қаражат пен тәркіленген мүлік:
2020–2022 жылдары 55 жүк көлігін заңсыз тіркеген топтың әрекетінен мемлекетке 401 млн теңге залал келді. Сот үкімімен ұйымдасқан топ мүшелері 2,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар: