Дәрігерлер баланың ішегін операция арқылы алып тастаған
Ташкент тұрғыны 10 айлық баласының аузына фаст-фуд шайнап берген соң бала құсып, іші ауырған, үлкен дәретінен қан табылған, деп жазады Azattyq Rýhy podrobno.uz ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.
Дереккөзге сүйенсек, баланы тексерген дәрігерлер оның ішегі шіріп бара жатқанын анықтаған. Тез арада операция жасаған дәрігерлер баланың ішегін кесіп, стома салып берген.
Енді бала жарты жыл бойы осы жасанды ішек арқылы дәретке барады.
Анасының айтуынша, баласы қатты жылаған соң ол лаваш пен картоптан жасалған фри тамағын аузына шайнап берген. Артынша баласы құсып, ауырған.