14.05.2025, 12:25
Оқиғалар
Димаштың інісі Мансұр Құдайберген ағасына ерекше қолдау көрсетті (ВИДЕО)
Ол қысқа клип түсірген
Фото: скрин
Димаш Құдайбергеннің «Тау ішінде» әніне түсірген жаңа бейнебаянын қолдау үшін Мансұр Құдайберген әзіл клип түсірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бірақ ол әлеуметтік желідегі челленджге қатыспайды.
«Бейнебаян мен ағамның «Тау ішінде» атты челленджіне орай креативті бейнебаян түсіруді жөн көрдім. Бірден айтайын: мен конкурсқа қатыспаймын. Видео көңілдеріңізді көтеру үшін, сондай-ақ юмор аралас шабыттың нәтижесінде пайда болды», - деді ол.
Димаштың інісі оқырмандарынан өзінің видеосын тым қатты сынамай, әзіл ретінде қабылдауды сұрады.
Айта кетсек, Димаш Құдайберген жаңа әніне орай челлендж жариялаған болатын. Ол осы трекке түсірілген және ең көп қаралым жинаған қызықты видео авторына үлкен сыйлық дайындап қойғанын айтты.
Көп оқылған
14.08.2026, 08:41
Оралда сегіз жасар қыз септикке құлап, көз жұмды
14.08.2026, 10:46
«Бордюр мен автобус арасынан өтпек болған»: елордада самокат мінген жасөспірім автобустың астына түсті
14.08.2026, 15:20
Бір ай комада жатты: Астанада аттан жығылған қыз ауруханада көз жұмды
14.08.2026, 09:35
«1 млрд тг пайда тапқан»: Ұлытауда карьерді рекультивациялау жұмысының астында заңсыз кен өндіріліп келген