Көлік министрлігі 2025 жылғы навигацияның ашылғанын хабарлады
Кеме қатынасы саласындағы қауіпсіздік пен шағын көлемді кемелерді тексеру үшін көлік министрлігі 2025 жылғы навигацияны бастады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Навигация аясында шағын кемелер мен кеме иелері тексеріліп, қауіпсіздік саласындағы семинарлар өтеді.
«Навигация басталғалы бері министрліктің аумақтық органдары 736 шақырым кеме жүзетін су жолдарын қарап, өзендерде жүзетін 40 кемені және 135 шағын көлемді кемелерді тексерді. Тексеру барысында 69 әкімшілік құқық бұзу фактілері анықталды», - деп хабарлайды көлік министрлігі.