«15 мың теңгеге шие алып жемеймін»: шенеунік Қазақстандағы бағалар қалай «құбылатынын» айтты

Автор: Темірхан Айжан

Оның сөзінше, премиум санаттағы өнімдерді ажырата білу керек 

Фото: istockphoto.com

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов маусымаралық кезеңдегі жеміс-жидектің қымбат бағада сатытуына байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Ryhy.

«Мәселен, өзім шиенің бағасы 15 мың теңге тұратын уақытта сатып алмаймын, өз маусымында бағасы 1000–1500 теңгеге түскенде ғана аламын», - деді ол журналистердің сұрағына жауап беріп.

Ол маусымдық және маусымаралық кезеңдегі баға айырмашылығын ескеру керектігін айтты. Ол Жапонияда өсетін қымбат, шаршы пішінді қарбыздарды мысалға келтірді, олар 10-15 мың теңге тұруы мүмкін.

«Кейбір адам сатып алады, кейбірі алмайды. Сондықтан мемлекеттің жұмыс істейтін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік түрлері мен премиум санаттағы өнімдерді ажырата білу керек», - деді вице-министр.