Қазақстанда коронавирустан тағы 3 адам көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

Қазақстан бойынша COVID-19 инфекциясынан 56 адам қайтыс болды

Фото: ашық дереккөзден

Коронавирус індетінен 3 науқас көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.

«Павлодар облысында 1957 жылы туған ер, Атырау облысында 1948 жылы туған әйел, Қарағанды облысында 1963 жылы туған ер адам қайтыс болды. Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирустық инфекциядан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады», - деп жазылған хабарламада.

Айта кету керек, Қазақстан бойынша барлығы 56 адам қайтыс болды.