Мұнайлыда тастанды шақалақ далада жатқан жерінен табылды

Автор: Темірхан Айжан

Абырой болғанда, сәби тірі, бірақ қазір жетімдер үйінде жатыр

Фото: istockphoto.com

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Бесшоқы ауылында жер үйдің терезесінің алдына жаңа туған сәбиді тастап кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Баланы 5 мамыр күні таңғы сағат 09:30 шамасында тұрғындардың бірі байқап қалып, полицияға хабар берген.

Маңғыстау облысының полиция департаменді деректі растап, баланың анасын іздеп жатқанын мәлімдеді.

«Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Баланың анасын анықтау бойынша жедел - іздестіру іс-шаралары жүргізілуде»,- деді тиісті органның баспасөз қызметі. 

Нәресте тірі, қазір перзентханада жатыр. Оның денсаулық жағдайы туралы әзірге ақпарат жарияланбады.