Қазақстанның төрт қаласында діни алауыздықты қоздырған жігіттер қолға түсті (ВИДЕО)

Автор: Бақыт Шынар

Олар әлеуметтік желі арқылы терроризмді насихаттаған

Фото: скриншот

Сәуір айында Ұлттық қауіпсіздік комитеті Астана қаласы, Абай, Ақтөбе және Түркістан облыстарында діни алауыздықты қоздырып, терроризмді насихаттаған төрт азаматты қолға түсірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Дереккөзге сүйенсек, олардың біреуі бұған да сотталған. Радикалдар интернетті пайдаланып, терроризмді насихаттаған, діни алауыздықты қоздырған.

«Тінту барысында заттай дәлелдемел табылды. Қылмыстық кодекстің 174 және 256-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр», - деп хабарлайды ҰҚК.