Шымкенттегі әскери қызметшілер «Даңқ» мемориалын тазалады (ВИДЕО)

Автор: Бақыт Шынар

Олар сондай-ақ мемориалдың айналасын абаттандырған

Фото: скриншот

Шымкент қаласындағы әскери қызметшілер «Абай» саябағында орналасқан «Даңқ» мемориалын тазалап, оның айналасын абаттандырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл туралы Қорғаныс министрлігі хабарлап отыр. Дереккөзге сүйенсек, шараға полковник Бақытжан Әшімовтен бастап, бір топ әскери қызметшілер қатысқан.

«Шымкент қаласында орналасқан аумақтық қорғаныс бригадасының жеке құрамы «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында және Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында игі іс-шара өтті», - деп хабарлайды министрлік.