Олар бұған дейін техника жүргізу құқығынан айырылған
Жетісу облысы Ақсу ауданының прокуратурасы бұған дейін техника жүргізу құқығынан айырылса да тракторшы-машинист куәлігін заңсыз алған үш азаматты анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оларға бұл куәлікті ауыл шаруашылығы бөлімінің лауазымды тұлғасы берген.
«Қадағалау актісін қарау нәтижелері бойынша барлық 3 куәлік тәркіленіп, күші жойылды, мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылық жасағаны үшін кінәлі тұлғаға қызметтік жауапкершілік тағайындалды», - деп хабарлайды Жеттісу облысының прокуратурасы.