Әуежайдың мәліметіне сүйенсек, кейбір рейстер 25 минутқа кешіккен
Бүгін, 5 мамыр күні Алматы халықаралық әуежайының ішкі рейстерге арналған келу аймағында адамдарды бақылайтын жүйе қысқа уақытқа істен шығып, халық кептеліп қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әуежайдың мәліметіне сүйенсек, қауіпсіздікті сақтау үшін бақылау жүйесі қайта жұмыс істеген соң адамдарды қайта тексеру керек болған. Рейстер шамамен 25 минутқа кешіккен.
Қазір әуежай қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр.