Алматыда автобус троллейбусқа соғылып, ондаған адам зардап шекті

Автор: Темірхан Айжан

Оқиға бүгін сағат 11:45 шамасында болған

Фото: © istockphoto.com

Бостандық ауданында Абай даңғылы мен Розыбакиев көшесінің қиылысында көлік апаты болып, 13 адам жарақат алды. №25 бағыттағы автобус аялдамада тұрған №19 троллейбусқа барып соққан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алматы қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, автобус жүргізушісі Абай даңғылы бойымен шығыс бағытта келе жатып, жолаушыларды түсіріп жатқан троллейбусты байқамай қалған. Салдарынан қоғамдық көлікке соққан.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Зардап шеккендерге тиісті медициналық көмек көрсетілген. Полиция оқиғаға қатысты тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.