Текеліде бақшасына 68 түп марихуана өсірген тұрғын ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Күдікті өсімдікті жалға алған үйдің бақшасында өсірген 

фото: polisia.kz

Алматы облысы Текелі қаласының 50 жастағы тұрғыны құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді заңсыз өсірумен айналысқан. Текелі қаласы Полиция бөлімі жергілікті тұрғындардың бірі жалға алған үйінің бақшасында марихуанаға ұқсас өсімдік өсіргенін анықтаған.

«Күдіктіден 68 түп марихуана тәркіленді. Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады Текелі қаласы полиция бөлімі бастығының орынбасары Рүстем Меркулов.

Жыл басынан бері Алматы облысынлда есірткі заты бар өсімдіктерді заңсыз өсірумен айналықан 10 жағдай анықталған. Ал, тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 100 келіден астам.