Шет даласындағы дәмхана маңынан ер адамның мәйіті табылды

Автор: Бақыт Шынар

Ол жүк көлігін жүргізетін 41 жастағы ер адамның денесі болып шықты

Фото: pixabay.com

Қарағанды облысы Шет ауданындағы даладағы дәмханалардың маңынан Ақтөбе облысынан шыққан жүк көлігінің жүргізушісі өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оның мәйіті 22 сәуір күні табылған. Алдын ала болжам бойынша ол өз-өзіне қол жұмсаған.

«2025 жылдың 22 сәуірі күні Қарағанды облысы Шет ауданындағы дәмханалардың бірінде Ақтөбе қаласының 41 жастағы тұрғынының мәйіті табылды», - деп хабарлады агенттік тілшісіне Қарағанды облысының полициясы.