Ресейдің атақты ғалымы Каспий теңізіндегі шағын аралда із-түзсіз жоғалып кетті

Автор: Бақыт Шынар

Петр Бухарицин небары 15 шаршы шақырым аумағы бар аралда жоғалған

Фото: скриншот

Қазақстан мен Ресейдің шекарасындағы Укатный аралында адам айтса нанғысыз оқиға болды: бір топ адаммен экспедицияға келген орыс ғалымы Петр Бухарицин жан-жағын суретке түсіремін деп шығып, аралдан ізім-ғайым жоқ болған, деп жазады Azattyq Rýhy.

«КаспийИнфо» мәліметіне сүйенсек, Каспий теңізіндегі бұл  экспедиция 14 сәуірде басталған. Шағын қайыққа мінген бір топ адам Укатный аралына жеткенде 76 жастағы ғалым басқа әріптестерімен бірге аралға түскен. Бір сәтте фотоаппаратын қолына алып, жан-жағын суретке түсіріп жүрген ол жоғалып кеткен.