Атырау облысында көлік қағып кеткен үш жасар бала көз жұмды

Автор: Алмас Ерсін

Сәби ауруханада жан тапсырды

Фото: istockphoto.com

Атырау облысында жантүршігерлік оқиға болды. Жол апаты салдарынан бала көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Azh.kz сайтына сілтеме жасап.

Атырау облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, 21 сәуір күні сағат 17:50-де Индербор ауылында Lada Priora көлігінің 30 жастағы жүргізушісі 3 жасар баланы қағып кеткен.

Сәби алған жарақатынан Индер аудандық ауруханасында көз жұмды. Қазіргі таңда қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.