Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалап отыр
Қостанайда жантүршігерлік оқиға болды. Қаладағы аулалардың бірінде ер адам көлікте үстіне бензин құйып, өзін өртеп жіберген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Alau-ға сілтеме жасап.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі зардап шегушінің жансақтау бөлімінде жатқанын хабарлады. Оның жағдайы ауыр деп бағалануда.
Тәртіп сақшылары сотқа дейінгі тергеуді бастады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.