Жол талғамайтын көлік жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалған
21 сәуір күні Алматы облысындағы тас жолдың бірінде жантүршігерлік оқиға болды. Көліктегілердің ешқайсысы аман қалмады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жол апаты 21 сәуірде Алматы – Бішкек тас жолының 86-шы шақырымында болды. Range Rover жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалған, жол талғамайтын көлік аударылып, жыраға түсіп кеткен.
Жүргізуші мен оның екі жолаушысы алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір жолаушы ауруханаға жеткізілді, бірақ ол да қаза болды.
«Полицейлер жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғап, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.