Бас-аяғы 56 адам уланып, ауруханаға түскен
Былтыр дәл осы уақытта Астана, Қарағанды, Павлодар және Екібастұздың біраз тұрғыны Екібастұздағы мейрамханалардың бірінде тойға барып, астан уланған еді. Бір жыл өте сот мейрамхана иесін бас бостандығынан шектеу жазасына соттады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Зардап шеккен адамдардың санына байланысты, тергеу басталған сәттен бастап, қылмыстық іс Екібастұз прокуратурасының бақылауында болды, процессуалдық прокурорлар тағайындалды, сараптамалар ұйымдастырылды, тергеу тобы оқиға орнына барды. Екібастұз қалалық сотының үкімімен кінәлі тұлға енді қоғамдық тамақтану саласында қызмет ете алмайды және ол еркіндігінен шектелді», - деп хабарлайды прокуратура.
Уланған азаматтар бұл үкіммен келісіп отыр. Алайда, мейрамхана иесі сот шешіміне келіспей, ары қарай аппелацияға шағымданбақ.