Барлығы 8 шетелдік полиция бөліміне жеткізілді
Нұр-Сұлтанға Үндістаннан келген жұмысшылар өзара төбелесті деп хабарлайды «Azattyq Rýhy» тілшісі елордалық Полиция департаментіне сілтеме жасап.
Тәртіп сақшыларының мәліметінше, 27 қазан күні кезекшілік бөлімге қаладағы құрылыс нысанының жатақханасында төбелес болып жатыр деген ақпарат түскен.
«Полицейлер анықтағандай, Үндістан жұмысшылары алкогольді сусын ішіп, өзара төбелескен. Салдарынан үшеуі дене жарақаттарын алды. «Есіл» аудандық полиция бөліміне төбелеске қатысқан сегіз шетелдік жұмысшы жеткізілді», - делінген Полиция департаменті таратқан хабарламада.
Қазіргі таңда «бұзақылық» бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.