Алматыдағы «Ғылым ордасының» бас директоры ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Жемқорлық қылмысын жасады деген күдікке мекеменің бас есепшісі де ілікті

скриншот: youtube

Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Ғылым Ордасы» ШЖҚ РМК екі бірдей лауазымды тұлғасын ұстады. Мекеменің бас директоры мен бас экономисіне сыбайлас жемқорлық қылмысын жасау күдігі бойынша айып тағылған.

«Олар тиісті келісім шартсыз мемлекеттік үй-жайларды жалға бергені үшін азаматтардан жүйелі түрде ақшалай сыйақылар алуда күдікке ілінді. Күдікті директор ұсталып, Алматы қаласының ПД-нің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Күдіктілер кінәсін мойындады», - делінген хабарламада.

Күдіктілерге қатысты түпкілікті шешімді олардың кінәсінің дәрежесін анықтай отырып, сот шешеді.

«Ғылым Ордасы» РМК ресми сайтында мекеменің бас директоры ретінде Төлтаев Бауржан Төлтайұлы көрсетілген.