Дереккөзге сүйенсек, ол екпелер дұрыс сақталмаған
Денсаулық сақтау министрлігі Жамбыл облысында болған қайғылы оқиғаларға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Айта кетейік, өткен аптада Тараз қаласында 29 жастағы ер адам мен 50 жастағы тағы бір ер адам жекеменшік процедура кабинеттерінде екпе алғаннан кейін шок алып, көз жұмған. Бүгін денсаулық сақтау министрлігі осы оқиғаларға қатысты ресми мәлімдеме жасады.
«Осы оқиғалардан кейін Жамбыл облысында қосымша жоспардан тыс тексеру жүрді: тексеру кезінде дәрі-дәрмек пен медициналық заттарды сақтауға қатысты өреслек заң бұзу фактілері анықталды. Осы мәліметтер құқық қорғау органдарына табысталды. Бір емшара кабинетінің жұмысы тоқтады», - деп мәлімдеді ДСМ.