Сот процессі ары қарай жалғасып жатыр
Бүгін сот тергеуі өтіп жатқан кезде марқұм Шерзат Полаттың анасы Гүлбара Бишембиеваға жедел-жәрдем келді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Прокурор әрбір күдіктіге қатысты айыптау актісін оқып жатыр. Сот процессінің ортасында марқұм Шерзат Полаттың анасы Гүлбара Бишембиеваның денсаулығы сыр бергенін айтып, соттан сыртқа сұранды.
«Далада, астында жедел-жәрдем күтіп тұр», - деді ол.
Судья Жанұзақов одан сот процессін жалғастыра беруге рұқсат сұрады. Бишембиева рұқсатын берген соң, прокурор келесі күдіктілердің айыптау актісін оқып жатыр.