Қытайдың көмір шахтасында апаттан 4 адам қаза тапты

Автор: Azattyq Rýhy

Қытайдың Сычуань провинциясында көмір шахтасы опырылып, 4 жұмысшы опат болды, деп хабарлайды 24.kz

Тағы екі азамат үйінді астында қалып қойған. Құтқарушылар бір адамды сыртқа алып шықты. Ол шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Жергілікті биліктің мәлімдемесіне сай, оқыс оқиға шахтаның төбесін мықтау жұмыстары кезінде болған.